Жас таланттарды танытуды көздейтін байқауды Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасы, Облыстық халық шығармашалығы орталығы ұйымдастырған. Өнер бәйгесі өңірдегі жас таланттарды іздестіру, оларға қолдау көрсету, дарынды жастардың орындаушылық шеберлігінің шыңдалып танылуына мүмкіндік жасау мақсатында өткізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Тараз қаласындағы Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде өткен «Жаңа Есім -2022» жобасына 27 үміткер қатысып, оның оза шыққан оны облыстық сынға жолдама алды.
«Вокал» номинациясы бойынша — Гауһар Тоқтарбай, Жансая Қайрат, Анастасия Красюк, Перизат Асқарбек, «Аспапта орындау» номинациясы бойынша — Жасмин Муратова, Мерей Есенгелдиев, Абусаид Усенов, Інжу Әбілхайыр, Мадина мен Сабина Әлібекқызы, “Дәстүрлі ән” номинациясы бойынша: Әли Нұржан облыстық байқауда бақ сынайды.
Облыстық кезеңге жолдама алған өнерпаздарға арнайы сертификаттар табысталды.