Global Finance журналының нұсқасы бойынша ForteBank Қазақстанның үздік банкісі атағын тағы да алды

0 10

Global Finance журналы 29-шы жыл сайынғы «Үздік банк» байқауын өткізіп әлемнің 150 астам еліндегі үздік қаржы институттарды атады. Банктер келесі объективті көрсеткіштер бойынша бағаланды: активтердің өсуі, табыстылық, географиялық қамту, стратегиялық байланыстар, бизнестің жаңа бағыттарын дамыту және инновациялық өнімдерді жетілдіру. Сонымен қатар субъективті өлшемшарттар да еске алынды, олардың ішінде қор биржаларды талдаушыларының, рейтинг агенттіктері талдаушыларының, банк саласындағы консультанттардың және басқа да салалық сарапшылардың ой-пікірлері ескерілді.  

Қазақстанда «Үздік банк» атағын қатарынан бесінші мәрте ForteBank алды. «Біз Global Finance басылымына жұмысымызды танып, жоғары бағалағаны үшін алғыс білдіреміз. Марапатты қатарынан бес жыл бойы бізге беру Банк командасының кәсіпқойлығын дәлелдейді және Банктің қалыпты позициясы мен эффективті стратегиясын растайды. Осы факторлардың арқасында ForteBank Қазақстанның қаржы нарығында тұрақты және сенімді іскер серіктес болып табылады», — деді ForteBank Басқарма Төрағасы Рейнис Рубенис.

20 филиалы және 100 жуық бөлімшесі бар ForteBank елдің ең тұрақты, ликвидті және жоғарғы деңгейдегі капиталданған банктердің қатарында. 2018-2022 жылдары ForteBank Global Finance және Asiamoney журналдарының нұсқасы бойынша үздік банк болып танылды, сонымен қатар The Banker журналынан «Қазақстандағы жыл банкісі» марапатын алды. Оған қоса, 2021 жылы Euromoney басылымы да ForteBank-ті Қазақстанның үздік банкісі деп атады.

1987 жылы құрылған Global Finance журналы әлемнің 193 елінде таралады. Басылым аудиториясының ішінде халықаралық компаниялар мен қаржы институттарының инвестициялау, стратегиялық шешімдеріне жауапты қаржы және корпоративтік салалардағы басқарушылар. GFMag.com сайтында халықаралық қаржы нарықтары саласындағы 35 жыл бойғы еңбек нәтижесі болып келетін талдаулар мен мақалалар ұсынылған. Журналдың бас кеңсесі Нью-Йоркта орналасқан. Global Finance жыл сайын банктер мен басқа қаржы ұйымдар арасында лидерлерді таңдайды. Оның марапаттары әлемдік қаржы қауымдастық үшін сенімді сапа стандарды болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.