Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Жамбыл облысындағы бірқатар білім беру және мәдениет ұйымдарына атау берілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Солардың қатарында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның есімі төрт мектепке берілді.
1. Жуалы ауданындағы 1-гимназия-мектеп.
2.Қордай ауданындағы 6- негізгі мектеп.
3. Тараз қаласындағы 30- гимназия
4. Шу ауданындағы орта мектеп енді қалың қазақтың қадірлісі Шерағаның есімімен аталатын болады.