Нұр-Сұлтанда 7 және 9 мамыр күндері мерекелік отшашу болмайды

0 24

Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы 7 және 9 мамыр күндері мерекелік отшашу өткізуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы мерекелік отшашу өткізуді жоспарлап отырған жоқ», — деп жазылған ҚазАқпарат тілшісі жолдаған сауалға берілген жауапта. Ал «Жаужүрек полк» акциясын онлайн форматта өткізу жоспарланған.

«Биыл «Жаужүрек полк» акциясы «Жаужүрек полк» бірыңғай ақпарат платформасы мен танымал әлеуметтік желілердегі аккаунттарда онлайн форматта өтеді. Бұл жерде акцияға қатысушылардың бірыңғай дерек қоры болады. Сондай-ақ, соғысқа қатысқан қазақстандықтар мен ардагерлер туралы тарихи анықтамалар мен мұрағат деректері шоғырландырылады.

Бұл платформаның сервисі кез келген ниетті адамға соғысқа қатысқан жақындары туралы деректерді қалдыруға және жыл сайынғы акциялар кезінде пайдалануға мүмкіндік береді», — делінген әкімдіктің жауабында. Еске салсақ, ҚР Қорғаныс министрлігі биыл Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған әскери парад ұйымдастырылмайтынын мәлім еткен болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.