Ресей тарих қоғамы Қазақстан қалаларына ерекше атақ беруді ұсынды

0 12

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Ресейдің соғыс кезіндегі бірқатар құжаттарды Мемлекеттік әскери тарих мұражайға тапсырғанын хабарлады.

Қызыл Армия қатарына Қазақстаннан барлығы 1,2 миллионға жуық адам шақырылған, олардың жартысы соғыстан оралған жоқ. Тапсырылған құжаттарда Мәскеу үшін шайқасқа қазақтардың қатысқаны туралы мұрағаттық құжаттар мен материалдар бар.

Бұдан бөлек, Ресей тарих қоғамы Қазақстан қалаларына ерекше атақ беруді ұсынды. Қоғамдық ұйым Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге үлес қосқан Қазақстанның 11 қаласына «Еңбек ерлігі қаласы» атағын беруді ұсынған.

Тізімде 11 қала Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.