Жалдамалы тұрғын үй субсидиясы кімдерге беріледі?

0 23

Жалдамалы тұрғын үй субсидиясы мамыр айынан бастап беріле бастайды. Бұл мемлекеттік бағдарлама арқылы кімдердің баспаналы болатынын Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Алмас Ыдырысов айтты.

«Бүгінде 601 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде 215 мыңы — көпбалалы отбасы, І және ІІ топтағы мүгедек, жетім балалар және мүгедек баласы бар отбасылар. Одан бөлек, баспана кезегінде тұрған 70 мың азамат табысы төмен санатқа жатады. Осы аталған санаттағы азаматтарға мемлекет тұрғын үй жалдауға субсидия береді», — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.