Атырауда мектеп дәретханасында жасөспірімді сабап тастаған

0 2
Атыраудағы мектеп дәретханасында 11-сынып оқушысы соққыға жығылды. Алдын ала ақпарат бойынша, оқушыға дәрігерлер жақ сүйегінің сынуы диагнозын қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мой город» басылымының мәліметінше, оқыс оқиға 25 сәуірде №36 мектеп-гимназияда орын алды.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Феруза Шаңгереева бұл күні 10-шы және 11-сыныптың екі оқушысы арасында дүрдараздық туындап, мектеп дәретханасында жалғасқан оның арты төбелеске ұласқанын айтады. 10-сыныптың оқушысы екінсін ұрып жатқанда олардың жанында 9 және 11 сыныптардың алты оқушысы болғаны да айтылады.

Мектеп медбикесі балаға медициналық көмек көрсетті, қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Төбелеске қатысушылардың барлығымен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір бұл балалар қатаң бақылауда. Оқу орнының директоры жауапкершілікке тартылды. Болашақта бұл мектептің тәрбие процесі қатаң бақылауда болады.Феруза Шаңгереева

Облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов 25 сәуірде сағат 17:30-да медициналық мекеменің қабылдау бөліміне жарақаты бар науқас келіп түскенін хабарлады. Ол отоларингология бөліміне жатқызылды.

Науқасқа медициналық көмек көрсетілді. Алайда, оған шұғыл ота қажет болмағандықтан және облыста жақ-бет хирургінің жоқтығынан науқасты БҚО мамандарына жіберу туралы шешім қабылданды. Оған 7-10 күн ішінде жоспарлы ота жасалу керек болатын. Алайда науқастың ата-анасы қолхат беріп, өз еркімен босатып алып, оны БҚО-ға алып кетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.