Қожаға 68 млн теңгеге ескерткіш орнатылмақ — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Бұл туралы журналист Мият Кәшібай телеграмм каналында жариялады. Келтірілген мәліметке сүйенсек, «Менің атым — Қожаға» қойылатын қола ескерткіш астанадағы Жетісу саябағына орнатылмақ. Ескерткіштің биіктігі 2,5 метрден астам, ал тұғыры 0,8 м болуы керек. Қоладан қойылатын ескерткішті «EJ-ART» компаниясы екі айдан астам уақытта салып бітіруі тиіс. Ершат Жолдас есімді мүсіншінің компаниясы құрылғаннан бері осындай 11 мемлекеттік тапсырыс алған екен.