Енді бірнеше банктен несие алуға болмайды

0 3

Енді бірнеше банктен несие алуға болмайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дания Еспаева айтты — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Қазір заң жобасы әзірленіп жатыр. Азаматтардың барлық банктегі несие қарыздары бойынша ақпарат бірыңғай базаға енгізілетін болады. Барлық қаржылық ұйымдар мен банктер берілген несие туралы ақпаратты кредиттік бюроға жолдап отырады.

Несие беру ақпараттары бір күннің ішінде тіркеледі. Ақпараттық база қалыптасқан соң, бірінші несиелік бюро азаматтың несиеге рұқсат алғанын жазады. Ал бюродан кейін азаматтың қарыз жүктемесі есептеледі. Қарыз алушының табысы жеткіліксіз деп танылған жағдайда, оған басқа несие беруден бас тартылады. Нәтижесінде, 5-6 банктен бір мезгілде несие алуға және интернеттегі алаяқтыққа да жол берілмейді. Әрине, бұл егер өзгертулер мен түзетулер енгізілген жағдайда мүмкін болады,-деді депутат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.