Туу және неке туралы куәліктер электронды түрде беріледі

0 4

Туу және неке туралы куәліктер электронды түрде беріледі. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігінің басшысы Бағдат Мусин айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Электронды түрге ауысатын құжаттар азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, яғни туу туралы, неке қию және некені бұзу туралы құжаттар болмақ. Бұл құжаттарды электрондық форматқа көшіру азаматтарға ыңғайлы болмақ. Өйткені, уақыт үнемдеуге болады, міндетті түрде арнайы мекемеге бару қажеттілігі жойылады. Электронды құжат алған адам кез келген уақытта QR коды бар электронды нұсқасын басып шығара алады немесе ұсына алады. », — деді министр. Азаматтар үшін бұл нұсқа ыңғайлы болмаса, ол қалаған жағдайда қағаз құжатты алуына мүмкіндігі болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.