Жамбыл облысындағы нақты көріністе жалақы 13,7%-ға өскен

0 17
Жамбыл облысындағы жалақы 2022 жылдың 1 тоқсанында облыс бойынша ірі, орта және шағын кәсіпорындардағы (шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарды қоспағанда) бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 219985 теңге көлемінде қалыптасып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға, ал нақты көріністе жалақы 13,7%-ға өскен, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
2022 жылдың 1 тоқсанында көлік және жинақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы экономиканың басқа қызмет түрлеріндегі еңбекақыдан жоғары болып 283053 теңгені құрады. Ауыл, орман және балық шаруашылығы бойынша еңбекақы облыстық еңбекақы деңгейінің 45,8% құрады.
2022 жылдың 1 тоқсанында ірі, орта кәсіпорындар аралығындағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 240204 теңгені құрап, 2021 жылдың тисті кезеңімен салыстырғанда атаулы жалақы 24%-ға, нақты көріністе 13,3%-ға өскен.
Leave A Reply

Your email address will not be published.