Назарбаев туралы барлық нормалар Конституциядан алынып тасталды

0 15

Назарбаев туралы барлық нормалар Конституциядан алынып тасталды. Бұл туралы Еуропалық адам құқықтары жөніндегі сараптама институтының директоры, конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Марат Бәшімов айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Оның сөзіне сүйенсек, Тұңғыш президенттің тарихи рөлін заңнан алып тастау ұсынылған. Оған себеп, Н.Назарбаевқа берілген мүмкіндіктердің Ата Заңда бекітілуі қоғамда үлкен дау тудыруда. Назарбаевтың Тұңғыш президент екені тарихи шындық, оны Конституцияда атап көрснту қажет емес.
«Осылайша, түзетулер жобасына сәйкес, Тұңғыш Президент, оның мәртебесі мен өкілеттіктері туралы барлық нормалар Конституциядан толығымен алынып тасталды. Бұл жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның мемлекеттің демократиялық бағытын тағы бір рет көрсетеді», — деп жазды Марат Бәшімов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.