Жеңілдетілген автонесиені келесі аптадан бастап алуға болады

0 6

Жеңілдетілген автонесиені келесі аптадан бастап алуға болады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

«Тиісті қаражат осы аптада түссе, келесі жұмада бағдарлама іске қосылады. Келесі аптадан бастап бұл жұмыс басталады», деді ол.

Қазір утилизациялық алым бойынша оператор «Жасыл даму» АҚ-дан жеңілдетілген автонесиеге қаржы бөлу жұмыстары жүріп жатыр. «Жасыл даму» шотынан ақша аудару бойынша корпоративтік рәсімдер жүргізілуде. Бұл жұмыс аяқталған соң, ақша жіберіледі. Қаржылық аударымдар мамыр айының алтысына дейін аяқталады деп хабарланды баспасөз мәслихатында.

Бағдарламаның негізгі шарттары бойынша несие сомасы – 10 миллион теңге, жылдық сыйықасы 4 пайыз, несие мерзімі – 7 жыл болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.