Қазақстанда баспана сатып алушылар саны азайды

0 3

2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 52520 мәміле тіркелді. Бұл туралы наурыз айымен (67 801) салыстырғанда 22,5% кем, деп хабарлайды  “ZhambylNews” АА Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Сатып алудың ең көп саны Қарағанды облысында – 8 898, одан кейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, тиісінше 6 583 және 5 900 шарт. Наурыз айында да дәл осы үш аймақ тұрғын үй нарығының саудасында көш бастаған болатын. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы, 958. Қазақстандықтарды көбіне көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырған, барлығы – 38 149 мәміле. Көп пәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан 2-бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Сәуірде 15 мыңнан астам 2-бөлмелі пәтер рәсімделді, ал 1-бөлмелісі одан сәл аз – 13 мың. Жеке үйлер бойынша 14 371 мәміле рәсімделді. Жер үйлерді Алматы, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарды құп көрген.

2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 12% кеміді. Тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда ең көп кемуі Маңғыстау облысында тіркелді -48,9%.

Leave A Reply

Your email address will not be published.