2022 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша, елде зейнеткерлер саны 2 млн 245 мыңнан астам. Мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 105 193 теңгені құраған.
Зейнеткерлерге қаңтар-сәуір айларында жалпы сомасы 939,3 млрд теңгеден астам зейнетақы төленсе, сәуір айында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыны төлеуге 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 163,1 млрд теңге жұмсалыпты.