ОҚУ ЖЫЛЫ БІТУ ҚАРСАҢЫНДА АНТИКОР СЫЙЛЫҚ ЖАСАУ МЕН ҚАБЫЛДАУҒА ҚАТЫСТЫ ШЕКТЕУЛЕР ТУРАЛЫ ЕСКЕ САЛДЫ

0 28

Жамбыл облысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өтті. Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің превенция басқармасының басшысы Д.Омаров, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Б.Жамангөзов, қалалық және аудандық білім бөлімдері, сонымен бірге мектеп директорлары қатысты.

Кездесуде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактілері талқыланды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 154-бабына сәйкес (кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы) әкімшілік айыппұлға әкеп соғады.

«Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі заңнама талаптарына қайшы кәсіпкерлік қызметпен айналысқан лауазымды тұлғаларды анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 20 мамырындағы жағдай бойынша 11 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 5 млн. теңге сомасында айыппұл салынды», — Д.Омаров.

Өз кезегінде Д.Омаров қатысушылардың өздері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің қатаң сақтауын еске салды.

«Мемлекеттік қызметшілерге қатысты нақты шектеулер мен тыйымдар белгіленген, оларды бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ететін құралдардың жеткілікті жиынтығы әзірленді. Әрбір лауазымды тұлғаның алдында осы ережелерді іс жүзінде тиімді пайдалану міндеті тұр», — деді Д.Омаров.

Антикор қызметінің өкілінің айтуынша, оқу жылының аяқталуы қарсаңында мектептерде мұғалімдерге сыйлық алу және мектеп бітіру кештерін өткізу мақсатында ақша жинау туралы хабарламалар әлеуметтік желілерде және 1424 Call-орталығында жиілеп кетті.

Спикерлер сыйлық берушілерге және ұстаздарға қаржылай алғыс айтудың қалыптасқан әдетінен бас тартуға шақырды.

«Жеке және заңды тұлғалармен материалдық сыйақы беруі, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның немесе оған теңестірілген адамның материалдық сыйақы алуы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», — деп түйіндеді Д.Омаров.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс тұрғындарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін азаматтық ұстанымдарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға ықпал етулерін ескертіп, үндеу жолдады.
Заң бұзушылық фактілері туралы (нақты ақпаратпен) шұғыл облыстық білім басқармасына немесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 бірыңғай байланыс орталығына тікелей хабарлауыңызды сұраймыз

Leave A Reply

Your email address will not be published.