Шымкентте дәріханада жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс салдарынан дәріхана ғимараты толық қираған, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жарылыс туралы ақпарат 12:00 шамасында келіп түскен. Дәріханада физиологиялық қоспа өндірілген және перинаталды орталықтың жанында орналасқан.
«Оқиға орнына Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығы, жедел-тергеу тобы мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аттанды. Нәтижесінде жарылыс салдарынан 138 ауруханааралық дәріханада жарылыс болғаны анықталды. Жаралыс салдарынан басталған өрт толық оқшауланды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа газдың жиналуы себеп болған. Салдарынан күзетші мерт болды. Басқа зардап шеккендер жоқ. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр», — делінген полиция хабарламасында.
Жарылыс болған жерге Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те келген.