Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма? Министрлік жауап берді

0 67

Министрлік өкілдерінің айтуынша дәл осы сұрақ жылда қойылады екен. «Жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда «мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма және ол заңбұзушылыққа жатпай ма?» деген сауал туындайды. Біздің ұстанымымыз бойынша, бұл күндері ұстаздарға гүл сыйлауға болады. Себебі, бұл игі дәстүр», деді мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Каримова.

Биыл соңғы қоңырау 3,5 млн қазақстандық оқушы үшін соғылады. Салтанатты шарада мұғалімге гүл сыйлауға рұқсат берілгенімен, ақыға аниматорлар, әртістер мен жекелеген студияларды шақыруға,
мерекелік дастархан ұйымдастыруға, прокатқа автокөлік алып, экскурсия жасауға;  мектеп әкімшілігі мен педагогтерге сыйлық алу үшін ақша жинауға, бітіру кештерін көңіл көтеретін орындарда ұйымдастыруға тыйым салынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.