Облыс әкімі Бас мүфтимен кездесті

0 5

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал сөз болып, дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру, оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызы талқыланды.

Сонымен қатар жастар арасында діни оңалту жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселесіне де көңіл бөлінді.

Облыс әкімі ізгілік жолындағы бастамалар мен игі қызметте жүрген имамдарды қолдау ортақ іс екенін жеткізді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қоғамдық келісім, татулық, тұрақтылық – ел дамуының негізі екендігін баса айтып, осы тұрғыда жұмыла жұмыс жасаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Тараз қаласында «Тараздан шыққан діни тұлғалар. Профессор Насрулла Таразидің туғанына 100 жыл» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференцияның өз деңгейінде ұйымдастырылғаның, оған қолдау білдірген облыс әкімдігіне деген ризашылығын білдірді.

Аталған шара барысында Өзбекстан, Қырғыз Республикасы елдерінің және еліміздің профессор, докторлары қатысып, баяндама жасаған. Олар Насрулла ат-Тарази еңбектері мен ғұмыры жайлы жан-жақты мәліметпен бөлісіп, сыр шерткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.