Маңғыстауда шекарашы сарбаздың мәйіті табылды

0 19

19 жастағы әскери қызметшінің мәйіті бүгін таңертең табылған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне істің мән-жайы анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жас жігіт өзіне қол жұмсаған.

Маңғыстау облысындағы Бейнеу шекара бекеті сарбазының қаза болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Белсенді Азамат Сәрсенбаев:
»Бүгін Маңғыстау облысында таңғы сағат 5-те шекара әскерінің сарбазы асылып өлген күйде табылды. 2003 жылы туған ұл бала Түркістан облысының тұрғыны», — деп жазды.

Қатардағы жауынгер Еділ Тешебаевтың ағасы Нұржаусын Тешебаев інісінің қазасы туралы хабарды бүгін таңертең алғанын айтады.
Айтуынша, мойнында екі белдіктің ізі болған. Сонымен қатар қойын дәптерінен, ата-анасына, ағалары мен туыстарына арналған жеке-жеке жазба табылған. Қайтыс болар алдында ол үйдегілерден 5000 теңге аударуды сұраған, ағасы 500 теңгесі ғана барын айтып, салып жіберген екен.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.