11 көліктің қатысуымен ірі жол апаты орын алды. Зардап шеккендер бар

0 412

2022 жылғы 15 маусымда сағат 03.00-де республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 544-ші шақырымында Тараз қаласы бағытында келе жатқан Scania жүк көлігінің тіркемесі өздігінен жанып кеткен , —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Өрт үлкен аумаққа жайылып, қозғалысқа кедергі келтіргендіктен, жолдағы көліктер тоқтатылды.

Кейінірек сағат 03.40 шамасында жанып жатқан тіркемеге 550-600 метр қалғанда «DAF» жүк көлігінің жүргізушісі келесі бағытта жолда тұрған екі «Toyota Camry», «Audi 100», «Van Hol» екі жолаушылар автобусы, «Chevrolet Cobalt», «Daimler Chrysler», «BMW X5», «Toyota Alphard», «Audi 80» жалпы саны 10 автокөлікпен соқтығысады.

Соқтығыс салдарынан 1 «DAF» жүк көлігі, «Van Hol» 2 жолаушылар автобусы және 1 «Audi» көліктері өртенді. Нәтижесінде «Toyota Camry» көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, 9 адам түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді, оның 3-уі жансақтау бөліміне жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Полицейлермен жүргізіп жатқан алдын алу шараларына қарамастан, жүргізушілер жол ережесін бұзуды жалғастыруда. Аталған жолдың 554 шақырымында жаңа Күйік асуы арқылы түсуге тыйым салатын «Жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған» 3.4 жол белгісі орнатылған. Алайда жүк көлігі жүргізушілері жол белгілерінің талаптарына назар аудармауы, қайғылы жағдайларға әкеп соқтыруда.

2022 жылдың 5 айында полиция қызметкерлерімен 315 жол белгісі орнатылып, 2 436 шақырым жол сызбасы, 8 475 шаршы метрге жамау жұмыстары жүргізілді. 11 жол буфері, 1 034 дана дабыл бағанасы және 4 056 рефлектор ауыстырылды, 1 072 жүгіру метрінің зақымдалған арқалықтары тегістелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.