Президент мемлекеттік қызметшілерді бүгінгі мерекемен құттықтады

0 1

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді бүгінгі мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады.

Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

Leave A Reply

Your email address will not be published.