Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттерінің алтыншы саммиті басталды

0 2

Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттерінің алтыншы саммиті басталды, деп хабарлайды Ақорда.

Каспий саммитіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей, Иран, Түрікменстан, Әзербайжан елдерінің басшылары қатысып жатыр. Еске салсақ, бүгін Қазақстан Президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы Президенті, Халық Мәслихаты Ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.