Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 187 жағдай тіркелді. Бұл туралы “ZhambylNews” АА Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында — 37, Алматы қаласында — 112, Шымкент қаласында – 8, Алматы облысында — 7, Атырау облысында — 10, Жамбыл облысында — 4, Батыс Қазақстан облысында — 1, Қарағанды облысында — 7, Қызылорда облысында — 1 адамнан коронавирус анықталды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 307 517 жетті.
Кешегі мәлімет бойынша коронавирус жұқтырған 158 жағдай тіркелді.