Алматы әкімі қанша жалақы алатынын айтты

0 12

Алматы әкімі Ерболат Досаев жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА Stan.kz — ке сілтеме жасап.

“Менің жалақым – 980 000 теңге”, – деді Досаев.

“Не себепті сіздің жалақыңыз әріптестеріңіздікіне қарағанда аз? Мәселен, Алтай Көлгіновтің жалақсы 1 900 000 теңге ғой”, – деп сұрады журналист әкімнен.

“Бұл тұрғыда лауазымдық жалақы, сыйақы төленетінін ұмытпайық. Сондықтан менің жалақым – 980 000 теңге”, – деді әкім.

Бұған қоса ол қымбат киімдеріне де қатысты түсініктеме берді.

“Мен 2006-2012 жылдары мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін қайта бизнеске оралдым. 1998 жылға дейін де менің тұрақты кірістерім болды. Жеке компаниялардан активтерім болды. 2012 жылы министр болып қайта оралдым. Менің табысым толығымен декларацияланған, салық төлеп тұрамын. Сондықтан ел аузында жүрген күртені сатып алуға жағдайым жетеді. Тағы бір айта кетерлігі “Loro Piana” брендінің күртесі емес, мен оны бес жыл бұрын сатып алғанмын. Сондықтан айтарым мен кедей адам емеспін. Мен қазір елдің назарында екенінімді білемін. Сол себепті жұрттың сынына қалатындай әрекет жасамадым және алдағы уақытта да жасамаймын деген сенімдемін”, – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімінің желіде таралған суреті қазақстандықтардың қызу талқысына түскен еді. Желі қолданушылары қала басшысы “Loro Piana” брендінің бағасы 2 248 804 теңге болатын күрте киіп тұрғанын жарыса жазған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.