Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 482 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 310 370-ке жетті.
Өткен тәулікте анықталғандардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында — 123,
Алматы қаласында — 205,
Шымкент қаласында – 28,
Ақмола облысында – 1,
Ақтөбе облысында –3,
Алматы облысында — 29,
Атырау облысында — 15,
Шығыс Қазақстан облысында — 5,
Жамбыл облысында — 23,
Батыс Қазақстан облысында — 4,
Қарағанды облысында — 28,
Қостанай облысында — 0,
Қызылорда облысында — 6,
Маңғыстау облысында — 4,
Павлодар облысында — 4,
Солтүстік Қазақстан облысында — 0,
Түркістан облысында 4 адам қауіпті індетке шалдыққан.
Ал рсы тәулікте 108 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.
Нұр-Сұлтан қаласында — 57, Алматы қаласында — 48, Павлодар облысында 3 тұрғын ауруынан айығып, қатарға қосылды.
Елімізде барлығы 1 293 556 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.