Анасының мәйітін балконда жасырған: Ақтөбеде анасын өлтірді деп айыпталған оқушының соты басталды

0 20

Ақтөбеде 16 жастағы мектеп оқушысының соты басталды. Ол өзінің туған анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынған болатын. Айыпталушылар қатарында жасөспірім қызбен бірге оның 18 жастағы жігіті де бар,  деп хабарлайды  “ZhambylNews” АА  КТК арнасына сілтеме жасап.

Қанды қылмыс сәуірде болған. Тергеу мәліметі бойынша, екі күдікті 40 жастағы әйелді өлтіріп, денесін балконда тығып қойған. Мәйіттен жағымсыз иіс шықпау үшін қыз бен жігіт оған сірке суы мен сода құйып жүрген. Тек төртінші күн өткенде ғана жігіт қылмыс жасағанын ағасына айтқан. Туысы дереу полицияға баруға кеңес беріпті. Жас жігіт кінәні өз мойнына алып отыр. Айтуынша, 16 жастағы мектеп оқушысы да анасының бірнеше жеріне пышақ тыққан көрінеді. Бойжеткеннің ешқандай туысы жоқ, әкесіз өскен.

Жігіттің сөзінше, 16 жастағы құрбысы үйінде қоспалағышты жөндеп беруін өтініпті. Осы кезде оқушы мен мас анасының арасында жанжал туындаған. Қолындағы пышақпен әйелді қалай төрт жерінен жарақаттағанын түсінбей қалғанын айтады. Жігіт адам өлтіргісі келмегенін айтады. Ал қызы анасына көмек көрсетудің орнына “бала күнінде көрген қорлығы үшін” тағы бірнеше жерінен пышақтаған.

“Өздерінің аса ауыр қылмыс жасағанын түсінген олар 2022 жылдың сәуірдің 14 мен 19 аралағында мәйітті балконда жасырып келген. Жағымсыз иіс шықпау үшін мәйітті сірке суы және содамен жуған”, – деді мемлекеттік айыптаушы Мадина Тасмағамбетова.

Осы күндер аралығында мәйіт балконда жатқан, ал жастар көңілдерін басқа жаққа бұру үшін дәл осы пәтерде кино көрген. Жігіт әйелді бір өзі өлтіргенін айтады, ал қыз жазаны жеңілдету үшін кінәні өз мойнына алмақшы. Ал марқұм сауыншы болып жұмыс істейді. Қызын бір өзі тәрбиелеп келген. Кінәлары дәлелденсе, жігіт пен оқушы 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде мектеп оқушысы өз анасын өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.