Алтыны бар кварцты заңсыз өндірген айыпталушы 280 млн теңгені бюджетке қайтарады

0 13

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде тау-кен саласындағы заңсыз кәсіпкерлікке қатысты іс аяқталды, деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тергеу барысында Жолымбет Ибраевтың кен орнындағы учаскеге ғана барлау жұмыстарын жүргізуге келісім-шартқа отырып, құрамында алтыны бар кварц кенін заңсыз өндірумен айналысып, кейін оларды үшінші тұлғаларға өткізгені анықталды.

Нәтижесінде ол аса ірі көлемде, жалпы сомасы 280 млн теңге заңсыз пайда тапқан.

Сот үкімімен сотталушы келтірілген залалды республикалық бюджетке толық өтейді. Сондай-ақ, оған 2,5 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды», — делінген ресми хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.