Тараз қаласындағы Достық үйінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Жамбыл облысының жастарымен кездесті — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Кездесуге арнайылап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы да келді. Сонымен бірге, АҚДМ, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ, Жастар саясаты басқармасы, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, сондай-ақ, Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері, өңір жастары қатысты. Іс-шараның модераторы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаев болды. Ол қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.
Кездесу еркін форматта өтті. Жас белсенділер жастар саясатын дамыту, гранттық қаржыландыру, волонтерлік, іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі жобаларға қатысты сауалдар қойып, барлық сұрақтарға құзыретті жауаптар алды.