Атырауда 15 мыңға жуық көрермен жиналған концертте 120 бала жоғалған

0 28

Атырауда 15 мыңға жуық адам тамашалаған концертте 120 бала жоғалған. Балалар 15 минут пен 1 сағаттың арасында табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, 27 тамызда Атырау қаласындағы «Исатай-Махамбет» орталық алаңында өткен отандық эстрада жұлдыздарының гала-концертін тамашалауға 15 мыңға жуық көрермен жиналды. Сағат 19:00 — 00:00 аралығында қойылған концерт кезінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қамтамыз етті. Полиция қызметкерлеріне «алаңда бала жоғалды» деген дерекпен 120-ға жуық арыз түскен.

«Концертті тамашалау үшін алаңға адам көп жиналды. Бұл ата-аналардың балаларынан көз жазып қалуына әсер етті. Полиция қызметкерлері жоғалған балалардың бәрін 15 минут пен 1 сағаттың аралығында тауып, ата-аналарына аман-есен тапсырды. Ал, 6 баланың ата-анасының мобильді телефоны өшіп тұрды. Соған байланысты полиция қызметкерлері балаларды мекенжайы бойынша үйлеріне жеткізді», — деп мәлім етті Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әнуар Кокалов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 1,5 жасар бала көліктің салонында кілттеніп қалғанын жазған едік.

Баланың анасы көліктің кілтін салонда қалдырған. Автомобильде отырған сәби есіктің іштен жабылатын тетігін басып, кері аша алмай қалған.

Құтқарушылар көліктің есігін авариялық-құтқару құралдарының көмегімен ашты. Бала аман-есен анасына тапсырылды. Денсаулығы жақсы болғандықтан, медициналық көмекті қажет етпеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.