Қостанай облысындағы 5 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда

0 8

 5 қыркүйек сағат 20.00-гі жағдай бойынша, Қостанай облысындағы 5 учаскеде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бжәне Калинино ауылдары ауданында) жүргізілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ТЖМ жедел штабына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрттен барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті. Оның ішінде 85 Аманқарағай ауылында және 6 Озерный ауылында.

Өртті сөндіруге құрамында 224 бірлік техника, 6 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамның 2193 адамы бар ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғанысмині, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

11 адам (халықтың 6 адамы, оның ішінде бір кәмелетке толмаған адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік, улану алды, 1935 жылы туған бір адам қаза тапты.

Суағар құрылғылары үшін тікұшақтармен су алу табиғи су қоймасынан 25 км қашықтықта жүргізіледі, өрт сөндіру басталған сәттен бастап 109 су ағызу жүргізілді.

«Қазгидромет» мәліметінше, бүгін Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағында жоғары температура 31 градусқа дейін сақталады, желдің жылдамдығы 7 м/с дейін жетеді.

4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты, орман шаруашылығының жалпы ауданы 107 257 га.

ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 37 қоңырау келіп түсті. Әулиекөл ауданының эвакопунктінде жеті психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетеді. Консультативтік көмек 57 адамға көрсетілді және топтық жұмыс форматымен 45 бала қамтылды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысының хаттамасына және Қостанай облысы әкімінің жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешіміне қол қойылды.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.