Қостанай облысында үйі өртенген тұрғындардың жиһазы мен мүлкін өтеп береміз – Президент

0 15

Қостанай облысында үйі өртенген тұрғындарға жиһазы мен мүлкі өтеп беріледі. Төтенше жағдай ошағындағы еріктілермен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылайдеп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еріктілерімізге көп рахмет айтамын. Үлкен жұмыс тындырып жатырсыздар, қаншама азық-түлік жинағансыздар?! Бізге шамамен 2,5 ай керек. Әр зардап шеккен – баспанасыз қалған адам жаңа үй алады. Оның көлемі 100 шаршы метр болады. Ал үйдің ішіндегі дүние-мүлік – жиһаз, теледидар, ыдыс-аяқ сияқты дүниелер де мемлекет есебінен, материалдық-қаржылай көмек беруге мүмкіндігі бар адамдардың жәрдемімен өтеледі»,- деген Президент еріктілердің еңбегіне шексіз риза екенін жеткізді.

«Әрине, еріктілерге көп-көп рахмет айтамын. Сіздер еліміздің нағыз азаматысыздар, патриотсыздар. Мен сіздерді мақтан етемін!», — деді Мемлекет басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.