Жыл басынан бері 11 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

0 10

1 қыркүйектегі жағдай бойынша 11 165 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 99,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (69,6%) — Өзбекстаннан, 10,5% – ҚХР-дан, 7,1% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,3% — басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,2%), Түркістан (9,4%) және Жамбыл (6,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (5,9%), Нұр-Сұлтан (7,5%) және Шымкент (7,6%) қалаларында қоныстанды.

Осы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны — 59,5%, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар — 27,1% және зейнеткерлер — 13,4%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 12,3% — жоғары білімді, 38,9% — арнайы орта білімді, 47% — жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.