Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Digital Bridge 2022 форумы басталды

0 5

Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл аталған іс-шара «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда» тақырыбында өтіп жатыр.

Форум аясында технопарктер және ІТ-мектептер көрмесі, ІТ-стартаптар аллеясы, ІТ-вакансиялар жәрмеңкесі, Astana Hub Battle жарысы, VR, GameDev және түрлі тақырыптық сессиялар өтеді.

Digital Bridge — жыл сайын Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін IT саласындағы Қазақстанның ең ірі іс-шарасы.

Форумға халықаралық IT-қоғамдастық көшбасшылары, технология саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар, цифрлық әзірлемелер саласындағы кәсіпқойлар, IT-компаниялар мен стартаптар, венчурлық инвесторлар, технологиялық кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері, жалпы 5 мыңға жуық қонақ, 300 IT-компания, әртүрлі елден 200 спикер және 70 инвестор қатысады.

Форумды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Astana Hub ІТ-стартаптар халықаралық технопаркі ұйымдастырып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.