Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

0 9

Синоптиктер Қазақстанда 12, 13 және 14 қарашада ауа райы қандай болатынын жариялады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы демалыс күндері және жаңа жұмыс аптасының басында республиканың көп бөлігіне кезекті Атлантикалық циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер әсер етеді, бұл факторлар ауа — райының тұрақсыз сипатын анықтайды: жауын-шашын, республиканың солтүстік жартысы мен шығысында-жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

«Республика бойынша тұман, елдің көп бөлігінде көктайғақ, боран, сондай – ақ қатты екпінді жел-15-29 м/с күтіледі, тек елдің оңтүстік өңірлерінде 12-13 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.