Т.Рысқұлов ауданында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жастарға үлкен мүмкіндік беріп отыр
Қазір ел арасында «мамандық көп, алайда, жұмыс жоқ» деген пікірдің бары рас. Дегенмен «мемлекет тарапынан халыққа қолайлы жағдай мүлде қарастырылып жатқан жоқ» деген пікір қате. Шүкір, қазір жағдайымыз ілгері замандағыдай емес. Еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Мемлекеттің де әлеуеті артып, экономикасы өркендеп, көптеген бағдарламалар іске асуда. Сондай игі жобалардың бірі ретінде «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» жобасы секілді ауқымды бағдарламаларды айтуға болады.
Мәселен, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі х а л ы қ т ы ң , ә с і р е с е , жастардың жұмыспен қамтылуына көптеген мүмкіндіктер жасап отыр. Яғни, аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері 2022- 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның бағыттары «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жастарға тәжірибеден өтуге, қажетті білім алуға және тұрақты жұмыспен қамтылуына үлкен мүмкіндік беріп отыр. Жыл басынан бері «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жоғары немесе арнаулы орта білімі бар азаматтар мен азаматшалар бітірген мамандықтарына сай әртүрлі мекемелерге, шаруа қожалықтарына жұмысқа жолданды. Айталық, биыл «Жастар тәжірибесімен» межеленген көрсеткіш 103 азамат болған болса, ол көрсеткіш осы күні 111 болып отыр. Ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 10 азамат жоспарланған болса, қазір 16 азамат жұмысқа жолданып отыр.
Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен «Жастар тәжірибесі» бойынша 12 ай, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 18 ай мерзімге жұмысқа қабылданып, өздерін білікті маман ретінде көрсетіп, мерзімі аяқталғаннан кейін аталған мекемелерге аудандық орталық ауруханасына, «Жомарт Дента» ЖШС-не тұрақты жұмыспен қамтылған, яғни Санжар Маямир, Нұрзат Омиралиев, Айбол Жексенбай, Жандос Ержан және А.Аубакиров секілді білікті жастарымыз бар.