Қазақстандағы McDonald’s мейрамханалары жабылады

0 11

McDonald’s ертеңнен бастап Қазақстандағы барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандағы McDonald’s («Food Solutions KZ» ЖШС) жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты 18 қарашадан бастап өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады. Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салып жатыр. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланады», — делінген хабарламада.

Компанияның баспасөз қызметі серіктестіктің Қазақстанда жұмыс істеп жатқанына 6 жылдан астам уақыт болғанын атап өтті.

«Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында компанияның 24 мейрамханасы бар және оларда 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген. «Food Solutions KZ» ЖШС ашылған уақыттан бері 3 млрд теңгеден астам салық төленді және қоғамға көмек көрсетуге белсенді қатысады. Кейінгі алты жылда компания қайырымдылыққа 80 млн теңгеден астам қаражат аударды», — деп атап өтті компаниядан.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.