Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

0 3

Қазгидромет алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республиканың басым бөлігіндегі ауа райының құбылмалы сипаты атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады. Жауын-шашын күтіледі, солтүстікте қар түрінде, республиканың қалған бөлігінде аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 20 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады. Оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта бұрқасын болжанады. Ауа температурасы түнде солтүстік-батыс және солтүстікте 15-23 аязға дейін, шығыста 12-20 аязға дейін төмендеуі күтіледі»,- делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.