Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды

0 12

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген.

Білімі
1985 ж. — С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.

1999 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын халықаралық маман деген мамандық бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1985-1987 жж. – Қазақ ССР-ның теле-радио көрсетілім жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы.

1987-1991 жж. — «Лениншіл Жас» республикалық газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі.

1991-1994 жж. — «Өркен», «Горизонт» газеттері редакторының орынбасары, редакторы.

1994-1995 жж. — Қазақ мемлекеттік телевидениясының бас директоры, Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары, басшысы, Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат комитетінің төрағасы.

1995-1997 жж. – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясының тыңдаушысы.

1999-2000 жж. — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшілігі департаментінің директоры.

2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2002-2003 жж. — «Орта Азиялық ынтымақтастық» ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық үйлестіруші.

2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2006-2008 жж. — Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі және Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін қоса атқарған.

2008-2009 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хытшысы.

2009-2015 жж. — Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2015-2019 жж. — Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігі басшысы қызметін атқарды.

2022 жылдың қаңтарынан ҚР Сенатының депутаты болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.