БАҚ туралы жаңа заң жобасында журналистердің мәртебесін көтеру қарастырылған — министр

0 13

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі БАҚ туралы жаңа заң жобасында журналистердің мәртебесін көтеру мәселесі қамтылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер министрден БАҚ туралы жаңа заң жобасын әзірлеу мен журналистердің мәртебесі туралы сұрақ қойды.

«Бұл массмедиа туралы заң жобасына ерекше мән беріп отырмыз. Осы орайда жұмыс топтары халықаралық ұйымдармен, сарапшылар кеңінен талқылау жүргізеді. Жуық арада оны порталға шығарамыз», — деді Д. Қыдырәлі.

Бұл тұрғыда журналистерге мәртебе беру мәселесін, ақпарат алу мүмкіндігін жеңілдету, сондай-ақ тілшілердің жұмыстарына қатысты көптеген артықшылық қарастырылып отыр.

«Сондықтан массмедиа туралы заң жобасы журналистердің құқығын қорғауға бағытталған. Халықаралық ұйымдармен пікір алмасып жатырмыз, үздік тәжірибелерді назарға аламыз. Атап айтқанда, сапалы заң болады деп ойлаймын», — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қазан айында Ақпарат министрі БАҚ туралы жаңа заң жобасында біршама жаңашылдық бар екенін айтқан еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.