Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қалды

0 14

Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.

1976-1981 жж. — «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер;

1981–1983 жж. — Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;

1983–1987 жж. — «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы;

1987–1991 жж. — Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;

1991-1992 жж. — «Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс» трестінің басқарушысы;

1992-1993 жж. — Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;

1993-1997 жж. – Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі;

12.1997-10.1999 жж. — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

10.1999-21.12.2000 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

21.12.2000-21.11.2001 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасар;

21.11.2001-13.06.2003 жж. — Павлодар облысының әкімі;

13.06.2003-08.01.2007 жж. — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

10.01.2007-17.06.2009 жж. — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;

12.2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компаниялың басшысы;

2012-11.2014 жж. – Энергетика және инфрақұрылым министрі;

2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.