Танымал композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды

0 57

Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті. Қаралы хабарды көпшілікке журналист Дәулет Мұқаев хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Тағы бір жақсы адам кетті… Танымал композитор, продюсер, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері Арман Дүйсенов 48 жасында дүниеден озды. Арман ағамен «Хабар» арнасында бірге қызметтес болдық. Жүргізушілік еткен «Тапқыр достар» бағдарламасына командамен қатысып, жеңімпаз болған едік. Үнемі көңілді, айналасына шуақ шашып жүретін жан еді. Әр нәрсеге балаша қуанатын. Жатқан жеріңіз жайлы болсын. Арман ағаның жарына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Бақұл болыңыз, аға!», — деп жазды Дәулет Мұқаев Instagram парақшасында.

Айта кететіні, өнер иесінің әзірге неден қайтыс болғаны белгісіз.

Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Ол — композитор, тележүргізуші, продюсер.

Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.