Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова көз жұмды

0 17

Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады» делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.