Қазақстанда алдағы уақытта «суперЦОНдар» ашылады

0 18

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан «суперЦОНдардың» пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, мұндай мекемелерде Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан бөлек өзге де ведомстволар болады.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсетуінің клиенттік тәжірибесі негізінде біз тұрғындардың ХҚО-дан қызмет алған соң БЖЗҚ, коммуналдық кәсіпорындар, әкімдік сияқты басқа да инстанциялардың табалдырығын тоздыратынын түсіндік. Сондықтан азаматтардың барлық мәселесі бір жерде шешілуі үшін осы ұйымдардың барлығын бір ғимаратқа шоғырландырғымыз келеді», – деді Мусин министрліктің кеңейтілген отырысында.

Бүгінгі таңда министрлік Астана қаласының әкімдігі және президент әкімшілігімен супер Халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу мақсатында келіссөз жүргізіп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.