Азаматтығын ауыстырған балаларға Ұлттық қордан ақша берілмейді

0 11

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров балалардың қандай жағдайда Ұлттық қордан қаражат ала алмайтынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров балалардың есепшотына түсетін ақшаға салық салу жоспары жоқ екенін айтты.

«Егер бала азаматтығын өзгертсе, онда ол бұл қаражатты алмайды, олар басқа балалар арасында бөлінеді. Егер азамат тұрақты тұруға көшіп кетсе, бірақ 18 жасқа дейін азаматтығын сақтаса, Қазақстан азаматы болса, бұл ақша оның өзінде қалады», — деді Әлібек Қуантыров.

Leave A Reply

Your email address will not be published.