«Кезекке тұру үшін түнеген»: Астанада ипотекалық несие дүрбелең туғызды

0 17

«7-20-25» ипотека бағдарламасының басталуы елордада дүрбелең туғызды. Банктердің бірінде кезек пайда болып, кейбірі далада түнеген деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА  31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Несие беру лимиті екі сағаттан кейін оныншы клиенттен аяқталды. Астаналықтар бұған наразылықтарын жеткізді.

“Кешкі сегізде келдік. Мұнда 40-50 адам болды. Түнімен күзетіп, көлікте ұйықтады. Сағат 5-тетағы да келіп, кезекке жетпісінші болып тұрдық. Бірақ тек 10 адам өтті, бұл қалай?”, – деді Астана тұрғыны Қарлығаш Әбекенова.

Өтінімдердің саны шектеулі екені белгілі болды, ал құжат тапсырғысы келетіндедің саны өте көп. Биыл «7-20-25» бағдарламасы бойынша азаматтарды несиелендіруге 100 миллиард теңге бөлінді. Бірінші тоқсанда тек 25 миллиарды игеріледі. Сома жеті банкке бөлінеді. Демек, бір жарым мың қазақстандық ипотекалық несие ала алады. Сарапшылар бағдарламаға қатысудың жаңартылған шарттарына назар аударуды сұрайды.

“Салынып бітпеген тұрғын үйді алдын ала брондау өтінім беру үшін негіз емес және ипотекалық несие алуға кепілдік бермейді. Әлі таңдалмаған және пайдалануға берілмеген кезде азаматтардың серіктес банктерге жаппай жүгінуі екінші деңгейдегі банк жүйесіне қосымша жүктеме туғызады. Сондықтан қолда техникалық паспорт болған жағдайда ғана банктерге хабарласуларыңызды сұраймыз”, – деді «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ сыртқы коммуникациялар қызметінің менеджері Айбар Олжаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.