Ақорданың ресми сайты Марат Әшім Президенттің Протокол қызметінің бастығы болып тағайындалғанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», — делінген ақпарат көзінде.
Онда Мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Леонидович Михно Президенттің Протокол қызметінің бастығы лауазымынан босатылғаны да жазылған.