Жамбыл облысында геопортал жобасын пайдаланушылары үшін функциялар пайда болды

0 10

Цифрландыру саласының ірі және маңызды жобасының бірі – «Өңірлік геоақпараттық жүйе». Бұл геопорталда бос және жұмыспен қамтылған жер учаскелерінің, сондай-ақ коммерциялық және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін сауда-саттыққа шығарылған жер учаскелерінің схемалары, жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін Кезекте тұрғандардың тізімдері, бос және пайдалануға берілген кен орындары, орман және су қорының объектілері, гидротехникалық құрылыстар және магистральдық құбырлар ұсынылған. Сондай-ақ, автомобиль және темір жолдар, инженерлік желілер, ауылшаруашылық жерлер, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және туризм нысандары белгіленеді. Бас жоспарлар, елді мекендерді егжей – тегжейлі жоспарлау жобалары сияқты қала құрылысы құжаттамасы ұсынылады. Бұдан басқа, геопортал арқылы жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестері оларды электрондық түрде көрсету мақсатында автоматтандырылады.

Қазіргі таңда e-jambyl.kz домендік атаумен платформа қалыптастырылып, жергілікті атқарушы органдардың геопорталдарына қойылатын бірыңғай талаптарға сай барлық базалық ГИС-қабаттар енгізілді, яғни тұрғындар үшін геопорталдың ашық картасына 160 дерек және қызмет бабында пайдалану үшін порталдың электрондық кезекші картасына 367 картографиялық деректер әзірленді.

Бүгінгі күні порталға жалпы 14 мемлекеттік қызмет автоматтандырылып енгізілді (сәулет және қала құрылысы – 6 қызмет, жер қатынастары саласы бойынша – 8 мемлекеттік қызмет)

Leave A Reply

Your email address will not be published.