2022 жылдың 03 қазанында ҚР ІІМ ҚАЖК «№58 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінің өндірістік аумағында темір өнімдерін және кеспе тас (брусчатка) өндіру мақсатында «Лиана» жеке кәсіпкерлігі ашылған болатын.
Аталған «Лиана» жеке кәсіпкерлігі «Еңбек-Тараз» кәсіпорнымен «Бірлескен қызмет» шарты бойынша жұмыс жасауда.
Бүгінгі күнде 6 сотталғанды ақылы жұмыстармен қамтамасыз етуде.
Шығарылған дайын өнімдеріне сұранысты көбейту мақсатында, мекемемен қаланың және облыстың әкімдіктеріне хат жолданған.
Жеке кәсіпкер Реш Лиана Анатольевнаның айтуынша күніне 110 ш.м.-ге дейін кеспе тас дайындауға болады. Кеспе тас түрлі пішінді және түрлі түсті дайындалуда.