Бүгін – сайлау алдындағы үгіт-насихаттың соңғы күні

0 2

Бүгін – сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сайлау алдындағы үгіт сайлау туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 00:00 сағатта аяқталады. Осылайша, бүгін сайлау алдындағы үгіттің соңғы күні. Сайлау процесіне қатысушылардың барлығына ертең, 18 наурыз тыныштық күні екенін еске саламын. Тыныштық күні алдындағы үгітпен байланысты кез келген іс-әрекетке тыйым салынады. Ол үшін заңнамамен құқықтық жауапкершілік көзделген», — деп ескертті Нұрлан Әбдіров.

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының төрағасы барлық деңгейдегі сайлау комиссия мүшелері электоралдық деңгейде оқытылғанын айтты.

Ал сайлау науқаны аясындағы отырысқа 17 өңір мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері, әкім аппаратының басшылары қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.